Atameken Business пен Қытай медиакорпорациясы бірігіп шығармашылық студия ашты

13.10.2023, 18:01
555
Atameken Business пен Қытай медиакорпорациясы бірігіп шығармашылық студия ашты inbusiness.kz

Орталық Азиядағы Қытай медиакорпорациясының алғашқы серіктесі Atameken Business арнасы болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Silk Way шығармашылық студиясын құру арқылы арнадағы ақпарат алмасу теледидар форматымен шектелмей, әлеуметтік желілерде ақпараттық арналар ашумен жалғасын таппақ. Сондай-ақ бірлесе жасалған контенттің 90%-ы қазақ тілінде болмақ. 

"Қытай медиакорпорациясының бүкіл әлем бойынша 70 тілші бюросы, 100-ден астам серіктесі бар. Алайда бізде бұған дейін Орта Азия аумағында тұрақты түрде ақпарат алмасып, бірлесе медиаконтент жасайтын нағыз серіктес болған жоқ. Atameken Business — осы аумақтағы біздің жасаған алғашқы қадам, бірінші ынтымақтастық алаңы. Қазіргі Қытай-Қазақстанның белсенді стратегиялық ынтымақтастығын ескерсек, біздің жобаларымыз өз өміршеңдігімен ерекшеленеді және екі елдің іскер азаматтарын байланыстыратын медиа аяның құрылуына негіз болып отыр. 

Біз енді Silk Way — ортақ шығармашылық студиясын ашып отырмыз, бұдан былай ақпарат алмасу барысы тіптен ыңғайлы әрі жылдам болмақ. Сол арқылы қазақстандықтар Қытайдың ішкі нарығында не болып жатқанын біле алады, бізге де "Бір белдеу – бір жолда" жатқан елдің экономика мен бизнес саласындағы жаңалықтары қолжетімді болмақ",– деді Қытай медиакорпорациясы Еуразиялық бюросы директорының орынбасары Шао Цзяньгуан.

Осылайша енді көрермендер қоғам, мемлекет, іскерлік орталар Қытайда болып жатқан экономикалық, қоғамдық, саяси процестер туралы біліп отыратын болады. Еске сала кетсек, бұған дейін 5 ай бұрын алғашқы бірлескен жоба — Jibek jolynda және "Қытай жаңалықтары" бағдарламалары қалың көрерменге жол тартқан. 

"Алғашқы осы екі бағдарламаның эфирге шыққанына 5 ай ғана болғанына қарамастан, біраз жұмыс атқарып, жаңа платформаға шығу жайында келісімге келе алдық. Бұл жобаны іске қосудан бөлек, келесі қадам деректі фильмдердің, басқа да жобалардың бірлескен өндірісі болмақ", – деп түйіндеді Қанат Сахария.

Ирандағы босқындар Каспий асып келуі мүмкін бе? Сыртқы істер министрі жауап берді Енді инвесторды прокурордың рұқсатынсыз тексеруге болмайды Жандос Өмірәлиев: «Қылмыс деңгейінің төмендеуі – қоғамдағы оң өзгерістердің көрінісі» Бас прокуратура: Жалған ақпаратты жиі тарататын – жастар Енді іздеудегі адамдарды жасанды интеллект анықтайды Бас прокурордың орынбасары алаяқтарды анықтау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді Прокурорлар балалар үйлеріне түнгі уақытта бақылау жүргізе бастады Прокуратура әлеуметтік желідегі ақпаратты күнделікті бақылайды – Жандос Өмірәлиев Ақсудағы дауылда ағаш қадалып қаза тапқан әйелдің отбасына 1 млн теңге ғана көмек көрсетілген Ресейде 14 жасар қызды ұрлап әкетті деген күдікпен өзбекстандық қамауға алынды «Мас күйде таксиге отырып, анама бардым»: Ұлықпан Жолдасов Садраддиннің әндерін сынға алды Иранның ядролық нысанына шабуылдан кейін ауыр зақым келгені спутниктен анықталды Александр Бублик әлемдік рейтингте ТОП-30 қатарына кірді Ресей мектеп бағдарламасынан украин тілін алып тастады Дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегеріне Моңғолия қазақтары автокөлік сыйлады Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді